«Мен үйренемін…» ойын бағдарламасы

«Мен үйренемін…» ойын бағдарламасы

Мамыр айының 15 күні қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуін насихаттау мақсатында қаламыздың №1 гимназияның 3 «В» сынып оқушыларына арнап «Мен үйренемін…» атты ойын бағдарламасы өткізілді.

Шара барысында балаларға қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіру ерекшеліктерімен таныстырылды. Балаларға ойын түрінде қазақ тілінің латын әліпбиіндегі көрінісі көрсетілді. Оқушыларға түрлі ойындар ойнатылып, балалар берілген сөздерді және өз есімдерін жаңа әліпбимен жазып көрді. Жасырылған жұмбақ жауаптарын латын әліпбиімен жазған балалар жаңа әліпбиді тез үйреніп кететіндерін аңғартты.

Сондай-ақ балалар қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін қолдайтынын білдірді.

Comments are closed.