Мен кіммін. Мен және Біз

Мен кіммін. Мен және Біз

Қазақстанда 18 қазан күні Рухани келісім күні аталып өтіледі. Кітапхана өткізген «Мен кіммін. Мен және Біз» қайрымдылық сабағына Қарағанды облыстық тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты.

Балалар мерекенің шығу тарихымен танысты, рухани, төзімділік пен мейірімділік туралы көп қызықты мәлімет алды, бір-бірімен қарым-қатынас жасауды үйренді. Кітапханашы оқыған Абай Құнанбайұлының және басқа да қазақ ақындарының мейірімділік, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шыққан өлеңдерін тыңдады.

Балалар «Бір-бірімізге жақсы сөздер айтайық», «Мақал-мәтелдерді тап» ойындарын ойнап, мереке туралы жағымды слайдтармен бейнефильмді тамашалады.

Comments are closed.