«Менің елімнің тарихындағы менің ауылымның тарихы» зерттеу жұмыстары байқауы

«Менің елімнің тарихындағы менің ауылымның тарихы» зерттеу жұмыстары байқауы

«Менің елімнің тарихындағы менің ауылымның тарихы»
зерттеу жұмыстары байқауы

Кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Менің елімнің тарихындағы менің ауылымның тарихы» зерттеу жұмыстары облыстық байқауының қорытындысы өткізілді.
Салтанатты марапаттау рәсіміне балалар, ата-аналар, ұстаздар, қазылар алқасының мүшелері және шақырылған қонақтар қатысты.
Байқауға Қарағанды облысының Ақтоғай, Нұра, Жаңаарқа, Шет, Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров, Бұқар жырау аудандарының 13-15 жас аралығындағы балалары 25 ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынды. Балалардың шығармалары Отанынымыз бен өлкеміздің тарихына арнады.
Қазылар алқасының құрамына «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті, т.ғ.к. Н.А. Бейсенбекова; журналист, облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы А. Ж. Жанғозин, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-әдістемелік бөлімі меңгерушісінің м.а. М.Д.Болат; Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК ақпараттық библиография бөлімінің ұлттық библиография секторы меңгерушісінің м.а. Г.Кадырова енгізілді.
Сайыс қортындысы бойынша келесі жеңімпаздардың есімдері аталды:
1. Бас жүлде – Құрал Ағла, Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылы
2. І орын – Алиев Елхан, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті
3. II орын – Залисецкая Дарья, Рапш Юлия, Осакаров ауданы, Тельман ауылы
4. III орын – Әбікен Ділназ, Жаңаарқа ауданы
Қарқаралы ауданы, Ақтерек ауылынан Мейрамбай Нұргүл, Жаңаарқа ауданынан Төрехан Аяулым, Нұриден Арай, Қарағанды қаласынан Баранова Валерия ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Ақын, Т. Айбергенов және Н.Мәукенұлы атындағы әдеби сыйлықтардың иегері, «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары І.Мұқаев; Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Ж. Әдікенова; Абай атындағы кітапхананың басшысы Б.Уатаева шара соңында құттықтау және тілек сөздерін айтты.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

Грант-При – Құрал Ағла

І орынАлиев Елхан

ІІ орынЗалисецкая Дарья, Рапш Юлия

ІІІ орынӘбікен Ділназ

IMG_6919
IMG_6917
IMG_7029
IMG_7013
IMG_6999
IMG_6994
IMG_6988
IMG_6983
IMG_6976
IMG_6965
IMG_6957
IMG_6956
IMG_6925
IMG_7038
Comments are closed.