“Менің кітапханам” онлайн фотобайқауының жеңімпаздары.

“Менің кітапханам” онлайн фотобайқауының жеңімпаздары.

“Менің кітапханам” онлайн фотобайқауының жеңімпаздары

10 сәуір күні сағат 16:00 де Инстаграм әлеуметтік желісінде “Менің кітапханам” онлайн фотобайқауының қорытындысы өтті. Сайысқа барлығы 62 адам қатысты. Қатысушылардың фотолары жас ерекшеліктері бойынша топтарға бөлінген болатын.Өз фотосына ең көп лүпіл, яғни дауыс жинаған жазылмандар (үй кітапханасының жанындағы фотосурет) жеңімпаз атанды.
1. «0 сынып. Мектепке дейінгі жастағы балалар» тобындағы жеңімпаз –
Баймурзинов Нұржан – Шахтинск қаласының «Ботагөз»  балабақшасының тәрбиеленушісі, 5 жаста. (341);
2. «1-4 сынып. Бастауыш мектеп жасындағы балалар» тобындағы жеңімпаз –
Берікқанов Ердос  – ШҚО, Семей қаласы, №22 мектеп-лицейінің 1 «А» сынып оқушысы. (839);
3. «5-11 сынып. Орта және жоғары сынып оқушылары» тобындағы жеңімпаз –
Алпысбай Ақбота – Нұра ауданы, К.Мыңбаев атындағы ЖОББМ 6 сынып оқушысы (1013);
4.«Балалар оқуының жетекшілері. Педагогтар, ата-аналар,
кітапханашылар»  тобындағы жеңімпаз – Бекмағанбет Көпболсын Абдикешұлы – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, 70 жаста. (1496 );
5. «Отбасы» тобындағы жеңімпаз – Жапаровтар әулеті – Нұра ауданы, Нұра
кенті. (2250 ).

Кітапхана барлық ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ құттықтайды!Дипломдар Сіздің электрондық почтаңызға жіберіледі.
Барлық жазылмандарымызға белсенділік танытып, сайысқа қатысушыларға қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп алғыс білдіреміз!

Алдағы уақытта Сіздер үшін тағы да қызықты сайыстар болады, біздің лентамызды қарап тұруды ұмытпаңыздар!

Comments are closed.