Наурыз 26, 2021 «Менің өмірімдегі кітаптар» ұсыныс-сұхбат By odb-abai inЖаңалықтар Балалар кітабы апталығы аясында 26 наурыз күні «Менің өмірімдегі кітаптар» атты ұсыныс-сұхбат алаңы өткізілді. Іс-шараға суретші, антиядролық қозғалыстың белсендісі К.Куюков; журналист, радио жүргізуші А. Строкова; «Экомузей» директоры, эколог Д. Калмыков және №63 ЖББОМ оқушылары қатысты. Әңгіме тақырыбы «Қазақстанның оқырман ұрпағы-2021» жалпыұлттық акциясы бойынша кітап оқу дәстүрін қолдау төңірегінде болды. Аталмаш шарада балаларға Қарағанды қаласындағы әр түрлі саладағы танымал тұлғаларынан алынған сұхбат бойынша промороликтері көрсетілді. Шара қонақтары оқырмандарға өмірлеріндегі ең маңызды кітаптар туралы айтып берді, олардың пікірінше, ең қызықты және пайдалы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптарды оқуға ұсынды. Сұхбат-сауалнама нәтижелері бойынша оқырмандар үшін көрме-ұсынысы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты жеке табысқа жетудің және өркендеудің, ішкі әлемді байытудың, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру мен дамытудың негізгі құралы ретінде оқуға тарту болды.