Қыркүйек 10, 2024 «Менің отбасым» сынып сағаты By odb-abai inЖаңалықтар Біздің оқырмандармен кездесулеріміз мектеп қабырғасында да өтуде. Кітапхана маманы Г.Потанин атындағы жалпы білім беретін мектепке барып оқушыларға «Менің отбасым» атты сынып сағатын өткізді. Кітапханашы балаларға жанұяның қоғамдағы рөлін тағы бір мәрте еске салып, отбасы құндылықтарының маңыздылығын айтып берді. Балалар ата-аналары туралы әңгімелерімен бөлісіп, «Бақытты отбасы» ұғымын талқылады.