Микроскоп астындағы тіршілік

Микроскоп астындағы тіршілік

Бүгін қызықты деректер күні балалар оптикалық құрылғы – микроскоппен танысты.
Балалар микроскоптың алғашқы түрлерімен және шығу тарихымен презентация арқылы танысып, заманауи микроскоптың артықшылықтарын көрді.
«Смайлик» жазғы лагерінің балалары мен біздің тұрақты оқырмандарымыз оптикалық құрылғының құрылымымен танысқаннан кейін: су, тұз, қант, құс қауырсындары, жапырақтар, пияз, мақта, таңғыш, жіп, шаш сынды әртүрлі үлгілерді қарастыратын бірқатар тәжірибелер жүргізді. Балалар практикалық сабақта микроскоп арқылы көзге көрінбейтін объектілердің үлкейтілген бейнесін көруге болатынына көз жеткізді.
Микроскоп арқылы нені көре алды? Қатысушылар пияз кесінділерінің, жапырақтардың бөліктерін қарастыра отырып, олардың жасушалар деп аталатын кішкентай әртүрлі бөлімдерден тұратынын көрді. Судағы қара нүктелер, яғни бактерияларды қарастырды. Құм бөлшектерін қараған кезде олар минералдарға ұқсас үлкен тастарды көрді.
Танымдық сабақтың соңында балалар үшін «Барлығы микроскоп туралы» атты қызықты кітаптарға шолу жасалды.

1
2а
3
3а
4
4а
6
6а
7
Comments are closed.