Қараша 26, 2021 Микроскоп қызықтары By odb-abai inЖаңалықтар «Микроскоп қызықтары» атты алаңда балалар оптикалық құрылғы -микроскоптың алғашқы түрлерімен және шығу тарихымен танысып, заманауи микроскоптың артықшылықтарын көрді. Оқушылар оптикалық құрылғының құрылымымен танысқаннан кейін: су, тұз, қант, құс қауырсындары, жапырақтар, пияз, мақта, шаш сынды әртүрлі үлгілерді қарастыратын бірқатар тәжірибелер жүргізді. Шара соңында кітапханашы балаларға «Микроскоп туралы» қызықты кітаптарға библиографиялық шолу жасады.