Нұрдәулет Сағатбекпен онлайн-кездесу

Нұрдәулет Сағатбекпен онлайн-кездесу

             Кітапхананың ұйымдастыруымен жас композитор, күйші, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты 13 жасар Сағатбек Нұрдәулетпен «Арманы шексіз адамды мүмкіндігі шектемейді» тақырыбында ақпан айының 22 күні тікелей эфир өткізілді. Нұрдәулет Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 облыстық арнайы мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы.
Эфир қонағы Нұрдәулет Сағатбек 2007 жылы Таразда дүниеге келген. Қарағанды қаласында тұрады. Домбыраны 11 жасында үйреніпті. Қазір 50-ден аса күйді жатқа біледі. Өзі 10 шақты күй шығарған. Фортепианода да ойнайды. Нұрдәулет әлеуметтік желі жазушыларына күй өнері, тарихы, қатысқан байқаулары туралы, армандары жайлы айтып берді. Ол арманы шексіз адамды мүмкіндігі шектемейтінін айтады. Бастысы, ниет пен тек алға қарай ұмтыла беру керек.
Сондай-ақ Нұрдәулет домбыраның пайда болу туралы, күйдің шығу тарихына қызығады. Домбыра жайлы түрлі аңыз-әңгімелерді тыңдағанды жақсы көреді. Жас күйші халық күйлері «Көбік шашқан», «Ел айырылған», «Балбырауын», «Тойбастар», «Мұңлық-Зарлық», «Ақсақ құлан» күйлерінің тарихына тоқталып біз оны қанша ғасыр өтсе де ұмытқан жоқпыз деп айтып өтті.
Қонақ домбырада бір күйді шерткенде, оның тарихын біліп тұрсаң тыңдарманға да жеткізу оңай болады және сондықтан да күйдің тарихын, күйшілер туралы біліп жүруге тырысамын, – дейді ол. Кездесу қызықты, тартымды болып өтті.

Comments are closed.