«Нұрсұлтан Назарбаев: Жасампаздық дәуірі» тақырыптық апталығы аясында 2019 жылғы 17 – 22 маусым аралығында кітапхананың оқу залында осы атаудағы кітап көрмесі – көрсетілімі ашылды.

«Нұрсұлтан Назарбаев: Жасампаздық дәуірі» тақырыптық апталығы аясында 2019 жылғы 17 – 22 маусым аралығында кітапхананың оқу залында осы атаудағы кітап көрмесі – көрсетілімі ашылды.

 

Апталықты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы жариялады және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жоғары лауазымда елімізді басқарғанының 30-жылдығына арналған.

Көрмеде Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өмірбаяны және Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарынан бергі тарихына байланысты кітап басылымдары ұсынылған.

Оқырман бай фото материалдарымен қатар алғаш рет жеке құжаттар мен жазбалардың көшірмелері ұсынылған «Нұрсұлтан Назарбаев: Өмірбаяны»; «Бітімгер» (Тұңғыш Президенттің украиналық жанжалды реттеу жөніндегі бітімгершілік әрекеттері туралы дипломаттың жазбасы); Н.Зенькович «Назарбаевтай болғым келеді» (Президенттің балалық шағы туралы балаларға арналған әңгімелер) кітаптары және басқа да көптеген басылымдар арқылы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылығының тарихымен таныса алады.

Comments are closed.