«Наурзым – береке, Наурызы – мерекем»

«Наурзым – береке, Наурызы – мерекем»

Ежелгі заманннан бері шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түн болады. Халық наурыз мерекесіне алдын-ала дайындалады.

Наурыздың 13-інде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай балалар мен қала тұрғындарына арнап Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Наурызым – берекем, Наурызым – мерекем» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Аталмыш шараға «Бәйтерке» шипажайында ем алушы балалар қатысты. Сондай-ақ «Қош келдің, құтты Наурызым» атты кітап көрмесін ұйымдастырады. Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүрлі Наурыз мерекесіне орай кітапхана қорындағы кітаптар мен қатар көрмеге қазақ халқының салт-дәстүрі, қолөнерін насихаттайтын (Киіз үйдің ішкі түр-сипаты, қазақтың ұлттық киімдері, тақия, шапан, белбеу, қамшы, Бүркіт салудағы құсбегі, аңшының тұтынған заттары томаға, аяқ бау, биялай (қыран құсты қолына қондырарда киетін теріден тігілген қолға) қойылды.
Аталмыш кеш барысында жас оқырмандар қазақтың ұлттық ойындары «Арқан тартыс», «Асық» ойын, «Қол күрес» ойындарын ойнап өзара сайысқа түсті. Кітап экспозициясына қойылған салт-дәстүрі, қолөнерін насихаттайтын заттар туралы кітапханашылар балаларға мағлұмат беріп, оларды не үшін, қай жағдайда пайдаланатыны да айтылды. Егер қыз балаларға ұршықпен жіп иіріп көру қызық болса, ұл балалар құсбегінің пайдаланатын заттарын мұқият қарап, қызығушылық тудырды. Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студентері ән шырқап, күй тартып мерекенің шырайын аша түсті.

Іс-шараны «SARYARQA» , «5 арна», «24 KZ» арналары келіп сюжет түсірді.

Comments are closed.