Оқуды қолдаудағы тиімді коммуникациялар

Оқуды қолдаудағы тиімді коммуникациялар

30 мамырда Жаңаарқа ОКЖ С.Сейфуллин атындағы орталық аудандық кітапхананың базасында «Оқуды қолдаудағы тиімді коммуникациялар» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өткізілді. Семинарға 60-тан астам адам қатысты.

Іс-шараға Қарағанды облыстық балалар кітапханасы бастамашы болды. Абай атындағы ОБК басшысы Уатаева Б.К. және «Жаңаарқа ОКЖ» КММ басшысы Ускенбаева Ш.Т. модератор болды.

Құттықтау сөзінде Уатаева Б.К. балалар кітапханаларының қазіргі заманғы оқырманның дамуына жәрдемдесуде үлкен рөл атқаратынын және балалар ортасында кітаптар мен оқуды насихаттаудың инновациялық әдістеріне ерекше тоқталды.

Семинар бағдарламасы көп қырлы және мазмұнды болды. Кітапхана мамандарының назарына 7 баяндамамен қоса, «Сиқырлы қар» шеберлік сыныбы және «Киіз үй» этноконструкторын жинау жөніндегі тренинг ұсынылды.

Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы, жазушы Ұзақбай Мұқышевтің 80- жылдығына орай, оның шығармаларының таныстырылымы болды, «Нұр тұнған, құлпырған Жаңаарқа» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Жазушының өзі денсаулығына байланысты іс-шараға қатыса алмады, қызы Баян Узақбайқызы шақырылды, ол әкесінің өмірбаяны, Жаңаарқа ауданының тұлғалары туралы әңгімелеп, өмірбаяндары енгізілген «Нұр тұнған құлпырған Жаңаарқа» кітабын ұсынды. Ұ.Мұқышевтің сөзіне жазылған әндер және жергілікті ақындар мен композиторлардың әндері орындалды.

Семинарға қатысқандар Б.Өтешев атындағы орталық модельді балалар кітапханасының инновациялық қызметімен танысты, ол туралы осы кітапхананың меңгерушісі Г.А.Жақыпова әңгәмеледі.

Жергілікті авторлардың сандықталған кітаптары ұсынылды: Жақан Смаковтың «Туған жерім – Ақдала» шығармалары, «Бала Балпаң және оның бес саусағы туралы ертегі»; «Айбозым» жинағы, құрастырушылары: А.Алтай, Е.Төолеутай, А.Нығызбай; Төкен Әлжантегінің «Пришельцы безумного мира» кітабы; Төлеухан Алсайдың «Арғын болсаң, Алтай бол!» шығармасы. Ағылшын жазушысы Дж.К.Роулингтің туындыларына арналған «Библионочь» акциясына қатысты баяндамалардың жекелеген тармақтары кітапханашылар арасында алаңдарды безендіруден оқырмандардың костюмдарына шейін ерекше қызығушылық тудырды.

Қарағанды қаласының ОКЖ № 5 балалар филиалының кіапханашысы А.Е.Балдаева интернет-технологиялар, электронды көрмелер, викториналар арқылы оқуды және кітапты насихаттау туралы толыққанды баяндамасын ұсынды. Кітапханашы бірегей электронды әзірлемелерімен бөлісті, олар бәріне өте ұнады.

Кітапхана мамандары сонымен қатар Қарқаралы ОКЖ аудандық модельді балалар кітапханасында ашылған Білім орталығының қызметімен танысты. Қарқаралы ОКЖ АОБК меңгерушісі Искакова А.Ш. өз сөзінде Қарқаралы ауданынның «Нұр Отан» партиясы филиалының қолдауымен ашылған «Коворкинг орталығының» жұмысына тоқталып, ауылдық оқырмандар үшін қандай жаңа мүмкіндіктердің ашылғаны туралы әңгімеледі.

«Білім орталығы» балалар кітапханасы үлкен жаңалық болып, жаңа оқырмандарды, пайдаланушыларды (Балалар және жасөпірімдер орталығы, тарихи-өлкетану мұражайы, жастар ресурстық орталығы, еріктілер лигасы, балабақшалар) тартуда және жаңа жұмыс түрлерін енгізуде маңызды серпін берді.

Абай атындағы ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы Жүсіпова С.Ж. семинарға қатысушыларды облыстың жәгне Қазақстанның балалар кітапханалары жұмыстарының қызықты нысандарымен таныстырды. Балалар кітапханаларының тәжірибесінен мысалдар берілді, жарнамалық акциялардың, іс-шаралардың ерекше нысандары мен атаулары, пайдалы Интернет-ресурстарға сілтемелер ұсынылды, әлеуметтік желілерде жұмыстың тиімділігіне қалай мониторинг жүргізуге болатыны жөнінде ұсынымдар берілді.

Сонымен қатар, семинар барысында Абай атындағы ОБК ИӘБ кітапханашысы Тиыштық И.Е. «ҚЫЗЫҚТЫ ҒЫЛЫМ» кітапханалық зертхана аясындағы «Сиқырлы қар»: балаларды оқуға деген қызығушылыққа баулу жөніндегі жұмыс тәжірибесі» шеберлік сыныбын өткізді. Көптеген кітапханашылар балалармен жұмыс істеудің жаңа формасына қызығушылық танытып, осындай зертхананы ұйымдастыру туралы көптеген сұрақтарын қойды.

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің кіапханашысы Зейнел Ж.М. оқырмандарда қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жаңғыртуға ықпал ету және қазақ дәстүрлерін, мәдениетін және шығармашылығын кеңінен танымал ету мақсатындағы далалықтардың тұрғын – жайын жинау жөніндегі тренингтер циклы – Абай атындағы ОБК жобасын жүзеге асыру туралы таныстырылымды ұсынды. Сөз сөйлеуші бұл жобаның Қарағанды облысында мәдени және білім беру ұйымдарының арасында жалғыз болып табылатынын атап өтті.

Одан кейін кітапханашылар үшін «Киіз үй» этноконструкторын жинау тренингі өткізілді. Бұл жоба ешкімді бей-жай қалдырмады, семинарға қатысушылар киіз үйді жинаудың барлық ерекшеліктерін: қолжетімділігін, қарапайымдылығын және ұтқырлығын және бұл жобаны бүкіл облыс бойынша жүзеге асыру қажеттігін атап өтті

Семинарға қатысушылар үлкен практикалық және кеңестік көмек алды. Өлкетану қорын толықтыру мақсатында облыстың балалар кітапханаларының қызметкерлері өздерінің аудандары мен қалалары авторларының кітаптарын «Жаңаарқа ОКЖ» КММ басшысы Ш.Т.Ускенбаеваға тапсырды.

Семинар соңында Абай атындағы ОБК басшысы Уатаева Б.К.облыстың балалар кітапханаларының қызметкерлеріне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Салауатты тамақтану ұлттық орталығының кітаптар топтамасын сыйға тартты.

18 ОКЖ және 31 балалар кітапханасы О.Н.Гумированың «Если хочешь быть здоров, правильно питайся» сериясынан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «Приключения волшебной кастрюльки на кухне», «Приключения волшебной кастрюльки и ее друзей витаминчиков» кітаптар топтамасын алды. Салауатты тамақтану ұлттық орталығының президенті Төрегелды Шарманов бұл кітаптардың ғылыми кеңесшісі болып табылады.

Семинар аясында Б.Өтешев атындағы орталық модельді балалар кітапхансына, С.Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану музейіне танысу экскурсиясы өткізілді.

Comments are closed.