Мамыр 14, 2023 «Отбасылық демалыс сағаты» By odb-abai inЖаңалықтар Құрметті достар! Баршаңызды мерейлі мереке – Отбасы күнімен құттықтаймыз. Осы тамаша мерекеге орай кітапханада «Отбасылық демалыс сағаты» өтті. Шараға кітапхананың жас оқырмандары ата-аналарымен бірге шақырылды. Шара барысында оқырман отбасылар өздерінің отбасылық дәстүрлері туралы айтты, балалар тақпақ оқыды, ән айтты, отбасының тату, берік болуына көмектесетін ережелерді ойлап тапты, сөздерден мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер құрастырып жарысты. Ата-аналар мен балалардың назарына үйде оқуға арналған кітаптар ұсынылды, сондай-ақ Вьюшковтар отбасының авторлығымен ертегілер дауыстап оқылды. Мереке соңында іс-шараның барлық қатысушыларына отбасы, махаббат және адалдық күнімен құттықтаулар жазылған ашық хаттар мен шарлар табыс етілді. Іс-шара барлығына қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлады.