«Отбасылық оқу: ұмытылған дәстүр ме әлде мәңгілік құндылық па?» дөңгелек үстел

«Отбасылық оқу: ұмытылған дәстүр ме әлде мәңгілік құндылық па?» дөңгелек үстел

Кітапханада 5 мамыр күні «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында «Әкемнің қолынан бәрі келеді» облыстық жобасының шеңберінде «Отбасылық оқу: ұмытылған дәстүр ме, әлде мәңгілік құндылық па?» атты дөңгелек үстел өтті.
Кітапхана басшысы Б.К.Уатаева шара модераторы болды.
Аталмыш іс-шара барысында балаларды жас кезінен кітап оқуға қызықтырып, отбасылық оқу дағдыларына бейімдеу, кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру жөнінде талқылады.
Дөңгелек үстелге Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология факультетінің мұғалімі – ф.ғ.к. доцент Ж.А. Рүстемова; Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскері – Г.Б. Жаркеева; «ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қарағанды облысы бойынша филиалының аға оқытушылары – А. Т. Жансейтов және Е. М. Ермағамбетов; инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы – С. Ж. Жүсіпова; орта және жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің басшысы – М. Н. Подгайнова.
2020-2021 жылдардағы «Оқырман бенефисі» мерекесінің «Оқитын отбасы» номинациясының жеңімпаздары Егінбаев және Василечко отбасылары қатысты. Шақырылған қонақтар өздерінің кітап оқу тәжірибесімен бөлісті.
Модератор көтерілген мәселенің түрлі аспектілері бойынша қызу, мүдделі пікір алмасуды ұйымдастырды.
Қатысушылардың барлығы балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқу мәртебесін көтеру және отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін қолдау қажет деп тұжырымдады.

IMG_2982
IMG_2983
IMG_2986
IMG_2992
IMG_3003
IMG_3007
IMG_3017
IMG_3025
IMG_3032

 

 

Comments are closed.