Памела Трэверстің «Мэри Поппинс» ертегісіне 85 жыл

Памела Линдон Трэверс (1899 - 1996) – ағылшын әртісі және жазушысы, негізінен Мэри Поппинс туралы балалар кітабы сериясының авторы ретінде белгілі.

Памела Трэверстің «Мэри Поппинс» шығармасы әлемдегі көптеген оқырмандардың сүйікті туындысына айналды. Кітап 1934 жылы жарыққа шығып, әйгілі болды, ағылшын балалар әдебиетінің классикасына айналды.

Кітаптың жалғасы («Мэри Поппинс возвращается») бір жылдан кейін, ал «Мэри Поппинс открывает дверь» 8 жылдан кейін жарық көрді. Кейінірек тағы бес жалғасы шықты, олардың ішінде біріншісі алғаш рет 1952 жылы, соңғысы 36 жылдан кейін 1988 жылы жарияланды.

 

Әңгіме жай ғана басталады: Лондон маңында тұратын бір отбасы 4 балаға күтуші іздейді. Ол шығыс желімен ұшып келеді. Осы минуттардан бастап балалардың өмірі өзгереді: олар шатыр астында шәй ішеді, картиналар бойынша, тіпті бүкіл әлем бойынша саяхаттайды. Керемет бала күтушісі туралы әңгіме қалай аяқталатынын достық, мейірімділік, балалар әлеміне деген құрмет және ережелерсіз өмір сүру дағдысы туралы кітаптан білуге болады.

Экранға шығарылған ертегінің үздіктерінің бірі - «Мэри Поппинс, до свидания»режиссёр Леонид Квинихидзенің екі сериялы телевизиялық көркем фильм-мюзиклі, басты рөлде Наталия Андрейченко.