«Поляк мәдениеті мен әдебиетінің күні»

«Поляк мәдениеті мен әдебиетінің күні»

Кітапханада 21 ақпанда №1 гимназия, №58 ЖББОМ 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Поляк мәдениеті мен әдебиетінің күні» өткізілді.

Поляк халқының мәдениетімен, тұрмысымен, әдебиетімен және тарихымен таныстыру үшін поляк тілінің оқытушысы пани Собишек Веслава Барбара, «Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамының өкілдері Сосновская Виктория мен Аймагамбетов Станислав шақырылды.

Пани Веслава поляк мемлекетінің тарихы, әдебиеті, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы әңгімеледі, сонымен қатар белгілі поляк ақыны Юлиан Тувимнің өлеңдерін поляк тілінде оқыды.

Сосновская Виктория мен Аймагамбетов Станислав ұлттық киімдерін көрсетіп, поляк ұлттық билерінің пайда тарихы туралы әңгімеледі.

№1 гимназия, №58 ЖОББМ 9 сынып оқушылары қонақтардың әңгімелерін қызыға тыңдады және «Польша туралы не білеміз» викторинасына белсене қатысты.

Оқушыларға «Польшаға саяхат», сонымен қатар «Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамының жанындағы «Небески хабры» ансамблінің орындауындағы поляк халық билерінің бейнероликтері көрсетілді.

Оқырмандар үшін «Достық көкжиегінде» кітап көрмесі рәсімделді және Польша туралы кітапхана қорындағы поляк авторларының кітаптары бойынша шолу жасалды.

Comments are closed.