Әдебиеттің көркем сөз жанры, сөз өнерінің дербес, айрықша түрі – проза. Наурыз айының 2 күні балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатындағы «Абай жүрген ізбенен…» клубының кезекті отырысы осы прозаға арналып, «Прозадағы менің бейнем» тақырыбында әдеби әңгіме қозғалды. Клуб отырысы Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «БОТА» жастар интелектуалды орталығының жастарымен және №1 «Білім – инновация» лицей – интернатының оқушыларымен өтті. Шара барысында «БОТА» орталығының мүшесі Н.Ахметов О.Бөкейдің «Атаукере» шығармасынан үзінді оқыды. Оқушылар оқыған прозалары жайлы және сүйікті жазушылары жайлы ой бөлісіп, келесі отырысты 2018 жылдағы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының жалпы халықтық оқу үшін таңдалған Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіне арнауға бір шешіммен келісті.