Әр мамандық маңызды

Әр мамандық маңызды

Биылғы жылы кітапхана өз ісіне берілген адамдармен «Әрбір мамандық маңызды» кездесулер циклін бастады.

25 сәуір күні  “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №41  мектеп-гимназиясының” оқушылары мен дәрігерлер әулеті, Исатаевтар отбасы диалог алаңының алғашқы қонақтары болды. Ақ халатты жандардың бірі анасы – Шолпан Құдайбергенқызы мен қызы – Әйгерім Қайратқызы ең мәртебелі және құнды мамандық өкілдері болып табылады.

Сұхбат барысында қонақтар дәрігер мамандығын неге таңдағаны, қалай онколог және офтальмолог болғаны, бұған не қозғау салғаны және нағыз, танымал дәрігер болу үшін адам қандай қасиеттерге ие болуы керектігі туралы әңгімеледі.

Балалар дәрігерлер туралы өлеңдер дайындап, таныстырылым арқылы гаджеттерді жиі пайдаланудың көздің көруіне зиянды екені туралы білді, ал қонақтар көру жүйесі мен денсаулығын қалай сақтау керектігі туралы кеңес берді.

Іс-шара соңында кездесуге қатысушылар «Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы» кітап көрмесі арқылы салауатты өмір салты туралы әдебиеттермен танысты.

Comments are closed.