Өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздігі

Апат айтып келмейді. Сақтана жүрудің пайдасы болмаса, зияны жоқ. Әсіресе өрт кезінде ескерер қауіпсіздік ережелерін естен шығармаған абзал.

Осы орайда 31 қазан күні кітапханада «Өрт сөндіру техникасы мен алғашқы өрт сөндіруде қойылатын талаптар» тақырыбында Қарағанды қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Дамир Болатұлы Ускенов кітапхана қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі шараларын орындау, өртке қарсы ережелерді түсіндіру үшін дәріс оқыды.

Іс-шараның мақсаты мамандардың өрт қауіпсіздігі жайлы түсініктерін кеңейтіп, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін білуге өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады. Шара соңында «Қарағанды облысының төтенше жағдайлар депатаменті» КММ дайындаған өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтануға арналған парақтар таратылды.

Comments are closed.