«Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы» көрмесі

«Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы» көрмесі

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында кітапхана пайдаланушылары үшін «Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы» кітап көрме-репортажы ресімделген.

Көрмеде ұсынылған кітаптар мен журналдар біздің қазақстандық қоғамның рухани жаңару стратегиясын түсінуге, ой талқысынан өткізуге және оны қабылдауға көмектеседі.

Оқырмандар «Рухани жаңғыру» кітаптар сериясымен таныса алады.

Бұл серияның басылымдары арасында облыстық тарихи өлкетану мұражайының қалыптасу тарихы туралы әңгімелейтін «Музей және тарих» жинағы, «ХХІ ғасыр музейі: музейлерді дамытудың замануи үрдістері мен перспективалары» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы бар.

«Сарыарқаның тарихи – мәдени мұрасы» ғылыми каталогы оқырмандарды Қарағанды облысы аумағында жылдар бойы жиналған мұражай артефакттарымен, сәндік – қолданбалы өнер заттарымен таныстырады.

«Туған жер – тұғырың» көркем фотоальбомы еліміздің ең тартымды жерлерін – ежелгі киелі ескерткіштерден бастап жас астананың заманауи сәулеттік ғимараттарына дейін кеңінен ашып көрсетеді.

Соынмен қатар, көрмеде қазақ тілінің жазу таңбаларының тарихы туралы және латын жазуына көшу, заманауи тәуелсіз Қазақстан туралы кітаптар мен мақалалар ұсынылған.

Көрмеге келіп – тамашалаңыз, оқып – рухани шабыт алыңыз!

Comments are closed.