Наурыз 31, 2021 Сарыарқаның ұлы азаматтары By odb-abai inБасты 31-ші наурыз күні «Жәдігер» кітапханалық өлкетану клубының отырысы «Қарағанды облыстық тарихи – өлкетану мұражайы» залында «Сарыарқаның ұлы азаматтары» атты тақырыбындағы зерттеу өтті. Біздің өлкемізді ежелден поэтикалық түрде Сарыарқа деп атап кеткен. Сарыарқа жері көптеген табиғи пайдалы қазбаларға бай, шексіз сұлу даласы, таулары мен көлдері бар кең байтақ жер. Сарыарқа жері есімдері біздің республикамызда ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де белгілі болған тарихи және саяси тұлғалардың, жазушылардың, музыканттардың, әртістердің тағдырларымен тығыз байланысты. Қарағандыны белгілі бір мағынада Сарыарқаның “астанасы” деп санауға болады. Өйткені, дәл Қарағанды облысының шегінде осы дала аймағының көп бөлігі орналасқан. Балалар мұражайдың залдарын аралап, экспозицияларды тамашалады, көптеген қызықты оқиғалармен танысты және көріп білді. Клуб жетекшісі тарихи тұлғалар туралы қосымша тың ақпараттармен толықтырды, ал клуб мүшелері өз зерттеулерімен бөлісті. Алла Шалимова – Қарағандының тұңғыш докторы Герман Алалыкиннің өмірі туралы; Ясмина Байсерік – құрметті шахтер Түсіп Күзембаевтың тағдыры туралы зерттеулерін ортаға салды. Зерттеулер жалғасуда, олар клубтың келесі отырысында дөңгелек үстел барысында айтылады.