«Саяси қуғын-сүргін құрбандары: тарих сабақтары»

«Саяси қуғын-сүргін құрбандары: тарих сабақтары»

28 мамырда кітапхана оқырмандары, «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілері және «Бәйтерек» облыстық балалар шипажайының балалары үшін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Саяси қуғын-сүргін құрбандары: тарих сабақтары» тарихи экскурсы өткізілді.

Біздің өлкеміздің тарихы Қазақстан тарихының қайғылы парақтарымен – 20-30 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін оқиғаларымен тығыз байланысты.

Болашақта өткен қайғылы оқиғалардың қайталанбауы үшін өскелең ұрпақтың адамның қайғылы, шырқы бұзылған тағдыры туралы білгені маңызды.

Іс-шара барысында «Карлаг: боль и память» деректі фильмі көрсетіліп, қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.

Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінің ғылыми қызметкері Кондрашов Иван Евгеньевич саяси тұтқындар өмірінің баға жетпес фактілерімен бөлісті.

Comments are closed.