“Үш бәйтерек” әдеби кеш

“Үш бәйтерек” әдеби кеш

Қазақ әдебиетінің алыптары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтың туғандарына 125 жыл толуына орай «Үш бәйтерек» атты әдеби кеш өткізілді. «Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді.

Әдеби кешке №79 негізгі орта мектептің 6-7 сыныптың оқушылары белсене қатысты. Балалар С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтың, Б.Майлиннің шығармаларынан үзінді оқып, өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Оқушыларға «SARYARQA» телеарнасы түсірген «Үш бәйтерек» атты қысқа метражды деректі-көркем фильмі көрсетілді. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы атындағы №41 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Жеңіс Жангер С.Тұрысбектің «Көңіл толқыны» күйін нақышына келтіріп орындап берді.

Кеш соныңда қазақтың ұмытылмас үш бәйтерегінің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесіне шолу жасалды. Кешке қатысқан оқушыларды кітапхана тарапынан алғыс хатпен марапаттады.

Comments are closed.