Қыркүйек 16, 2022 «Шағын электрмоторы» By odb-abai inЖаңалықтар 16 қыркүйекте біздің кітапханада «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханада магниттердің күшін түсінуге көмектескен тәжірибе жасалды. Әркім бұл тәжірибені өзі үйде жасай алады, оны жүзеге асыру үшін сендерге тек бір ғана шынашықтық батарея, магнит және аздаған мысты сым қажет. Осы элементтердің көмегімен электр мотрын қалай жасауға болатынын тәжірибе көрсетеді. Электр қозғалтқышы батареядан жұмыс істей бастайды, өйткені сымда пайда болған зарядталған бөлшектердің қозғалысы (электр заряды) олардың қозғалыс бағытын өзгертетін магнит өрісінің әсерінен болады. Бұл ауытқу физикада Лоренц күші деп аталады. Ток күшінің бағыты магнит өрісінің сызықтарының бағытына перпендикуляр болғанда, бөлшектер шеңбер бойымен қозғалады.