Мамыр 12, 2023 «Шарды үрлеудің құпиясы» By odb-abai inЖаңалықтар 12 мамыр күні оқырмандарымыз «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасында «Шарды үрлеудің құпиясы» атты тәжірибемен танысты. Балалар қызықты тәжірибенің көмегімен шарды қалай жасанды түрде үруге болатынын үйренді, сонымен қатар химиялық реакциялардың өзара әрекетке түсуінен пайда болатын көмірқышқыл газының қасиеттерімен таныс болды. Балаларға ата-аналарымен бірге барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, тәжірибені үйде қайталап көруді ұсындық. Зертхана соңында ғылыми эксперименттер мен қызықты химия бойынша әдебиеттерге шолу жасалынды.