«Шарды үрлеудің құпиясы»

«Шарды үрлеудің құпиясы»

17 қараша күні «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасында №6 ЖББ мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Шарды үрлеудің құпиясы» тәжірибесі өтті.
Бұл тәжірибе үшін сода, сірке суы, шар мен пластикалық бөтелкелер қолданылды. Тәжірибе сода мен сірке суын араластыру кезінде натрий ацетаты, су және көмірқышқыл газын шығаратын химиялық реакцияның қалай жүретінін көрсетеді. Су бөтелкеде қалады, онда натрий ацетаты ериді, ал көмірқышқыл газы шарға түсіп, оның көлемін толтырады. Нәтижесінде шар біртіндеп үріледі.
Тәжірибе өте қарапайым, бірақ оны үйде тек ересектердің бақылауымен жасауға болады!
Эксперименттен басқа, балаларға кітапхана қорындағы түрлі химиялық, биологиялық, физикалық эксперименттерге арналған кітаптарға шолу жасалды.
Біздің кішкентай зертханашыларымыз тамаша әсер алды!

 

Comments are closed.