Шексіз кітапхана

Шексіз кітапхана

      Кітапханамен танысу оқырмандар үшін әрқашан да қызықты, кітапхана қызметкерлері  оқырмандарына  алғашқы күннен бастап кітапхана қызметі туралы қуана айтып береді.

      27 қаңтарда бізге алғаш рет Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 5-сынып оқушылары  келді.

    «Шексіз кітапхана» экскурсиясы кезінде балалар кітапхананың тарихымен, кітапхананың мүмкіндіктері мен қызметтері туралы  танысып білді, кітапхана бөлімдеріне барды, тәртіп ережелері мен кітапты пайдалану ережелерінен хабардар болды.

    Кітапхана қықзметкерлері балаларды «кітап көрмесі» ұғымымен таныстырып , кітап көрмелерінің көмегімен кітапхананың кітап қорының сан алуандығы ашылатындығы туралы түсіндірді.

     Оқу залында балалар қазақтың біртуар ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған  «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

     Оқушылар кітап, журнал қорының байлығымен танысып қана қоймай, кітапхана іс-шараларына, клубтар мен үйірмелерге шақыртулар алды.

     Кітапхана ішіне  саяхат жасаған балалар, кітапханаға жазылуға және жақсы әрі ұқыпты оқырман болуға ниет білдірді.

photo_2021-01-28_14-04-29
photo_2021-01-28_14-04-45
photo_2021-01-28_15-23-12
photo_2021-01-28_15-23-20
photo_2021-01-28_15-23-37
photo_2021-01-28_15-23-43
photo_2021-01-28_15-23-49
photo_2021-01-28_15-24-00
photo_2021-01-28_15-24-10
Comments are closed.