«Шешен-ингуш әдебиеті мен мәдениеті»

«Шешен-ингуш әдебиеті мен мәдениеті»

22 ақпанда №54, №25 ЖББОМ 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Шешен-ингуш әдебиеті мен мәдениеті» танымдық бағдарламасы өткізілді. Іс-шарада шешен және ингуш ұлттарының салт-дәстүрі, әдебиеті, мәдениеті жөнінде сөз қозғалды.

Қазақстанда тұрып жатқан шешен халқының тарихы туралы репортажды балалар 24kz арнасынан алынған бейнероликтен көре алды.

Бағдарлама соңында №54 ЖББОМ 10 сынып оқушысы Айкен Айболова және Гуманитарлық колледждің 1 курс студенті Зарина Жорабекова лезгинка биімен өз өнерлерін көрсетті.

Оқырмандар үшін «Достық көкжиегінде» кітап көрмесі рәсімделді және Шешен-ингуш халықтарының тарихы, мәдениеті, өнері жайлы кітаптар мен балаларға арналған шешен және ингуш авторларының кітаптары бойынша шолу жасалды.

Comments are closed.