Шын жүректен алғыс айтамын

Шын жүректен алғыс айтамын

Ақпан айының 27-сі күні кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай «Шын жүректен алғыс айтамын» атты алғыс айту сағаты өткізілді.

Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасы елшілігінің екінші хатшысы Игорь Олегович Иванов, Минск қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілі Людмила Васильевна Акулич,«Спадчына» Беларусь мәдениеті орталығының директоры Александр Александрович Хука қатысты.

«Спадчына» мәдени орталығымен тығыз және өзара тиімді ынтымақтастықтың арқасында «Белорус авторларынан» белорус және орыс тілдерінде 55 кітапты сыйға алды, оның 10 данасы электрондық тасымалдаушы (аудиокітаптар).

Ынтымақтастықтың нәтижесінде кітапхана қоры қазіргі заманауи белорус балалары авторларының кітаптары: А. Стельмах, С.Давыдович, А.Карлюкевич, П.Мисько, А.Масла ертегілері, Н. Арсеньнева, Ю.Голуб, Н.Парчук, В.Кажурдың өлеңдер жинақтары, В.Караткевичтің және басқа да авторлардың әңгімелері мен романдары толықтырылды. Басылымдардың арасында «Пад сінім небам» Н. Арсеньневаның 1927 жылы шығарылған факсимильді кітабы бар.

Қазіргі таңда кітапханада белорус тілінде 50 дана кітап бар, бұл кітаптар жас оқырмандарға беларус тілін оқып үйренуге көмектеседі.

Шара барысында «Ад беларускіх аўтараў. Беларус авторларынан» кітап көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті .
Сондай-ақ, «Купалинка» Белорус әндерінің ансамблі «Беларус авторларынан» әндерін шырқады.

Comments are closed.