«Сиқырлы бояулар» кітап иллюстрацияларының халықаралық балалар байқауының қорытындысы

«Сиқырлы бояулар» кітап иллюстрацияларының халықаралық балалар байқауының қорытындысы

2022 жылғы 29 қыркүйекте С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының кіші залында қазақ балалар жазушысы Молдахмет Қаназовтың туғанына 80 жасқа толуына орай «Сиқырлы бояулар» кітап иллюстрацияларының халықаралық балалар байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының бастамасымен балалар шығармаларының байқауы Қазақстандағы Балалар жылы және Балалар әдебиеті жылы аясында ұйымдастырылған. Сайысқа Германия, Израиль, Франция, Ресей, Қырғызстан мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен 11-14 жас аралығындағы балалардан 122 шығармашылық жұмыс түсті.
Байқау «Qasym баспа үйі» ЖШС демеушілігімен және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өтті.
Марапаттау рәсімінің Құрметті қонағы Молдахмет Қаназдың өзі байқау жеңімпаздарын марапаттауы балалар үшін ерекше сәт болды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
Бас жүлде – Әділхан Дана, Қазақстан, Түркістан облысы, Отырар ауданы (букридер).
I орын – Стребкова Екатерина, Қазақстан, Қарағанды қаласы (смарт-сағат).
II орын – Гнездилова Ангелина, Қазақстан, Қарағанды қаласы (акустикалық жүйе).
II орын – Майер Эрика, Қазақстан, Қостанай қаласы (акустикалық жүйе).
III орын – Лукичева Ольга, Қазақстан, Қостанай қаласы (мобильді аккумулятор).
III орын – Шмидт Вероника, Қазақстан, Қарағанды қаласы (мобильді аккумулятор).
Номинациялар бойынша үздік жұмыстар:
«Минимализм шеберлігі» – Зильберман Наталия, Израиль, Ришон Ле Цион қаласы (гарнитура).
«Бірегей техника» – Асылбай Сымбат, Қазақстан, Түркістан облысы, Арыс қаласы (гарнитура).
«Көркемдік шеберлігі» – Жакупова Малика, Қазақстан, Қостанай қаласы (гарнитура).
«Бейненің мәнерлілігі» – Бойко Полина, Қазақстан, Қостанай қаласы (гарнитура).
«Ойламаған интерпретация» – Апак Еврар, Франция, Париж қаласы (гарнитура).
«Балалық пәктік» – Кулмаханбет Кәусар, Қазақстан, Түркістан облысы, Арыс қаласы (гарнитура).
«Ұлттық ерекшелік» – Евсеев Максим, Қазақстан, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы (гарнитура).
Сонымен қатар, біздің байқау облыстың кәсіподақ ұйымының да назарын аударды, олар қарағандылық балалардың қызықты жұмыстарын атап өтіп, бағалы сыйлықтармен марапаттауға тілектерін білдірді. «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы А.Өсерова Евгения Яшина, Алуа Оралбай, Сафия Мурзакаева және Камила Имашеваларға өз сыйлықтары мен сертификаттар табыс етілді.
Балалар жазушысы Молдахмет Қаназов (Алматы қаласы) өз атынан Іңкәр Жанғожаның (Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы) жұмысын атап өтіп, оған сыйлыққа ұялы телефон жүлдесін тағайындады.

Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілде, Кітапхана байқау жеңімпаздарын құттықтап, қатысқандары үшін барлығына алғысын білдіреді!!!

Comments are closed.