«Снежная королева»

175 лет сказке «Снежная королева» Ханса Кристиана Андерсена
Ханс Кристиан Андерсен (1805 – 1875) – дат прозаигі және ақыны, «Гадкий утенок», «Новое платье короля», «Дюймовочка», «Стойкий оловянный солдатик», «Принцесса на горошине», «Оле Лукойе», «Снежная королева» және т.б. балалар мен ересектерге арналған бүкіл әлемге белгілі ертігілердің авторы.

Ханс Кристиан Андерсен «Снежная королева» ертегісі 7 тараудан тұрады, тұңғыш рет 1844 жылы 21 желтоқсанда «Новые сказки» томында жарияланған. Бұл Андерсеннің ең ұзын және ең танымал ертегілерінң бірі.

 

«Снежная королева» – бұл достық, махаббат және сенім туралы ертегі. Бұл өте ұзақ жолды жүріп өткен кішкентай Герда қыздың қайтпас рухы туралы тарих. Жаныңа қымбат адамды құтқару үшін бұл жол шексіз де, сонымен бірге үмітсіз де болып көрінеді.

Осы танымал ертігінің желісінде көркем және мультипликациялық фильмдер түсірілді, спектакльдер, балеттер мен опералар қойылды.

«Снежная королева» кеңестік толықметражды мультипликациялық мультфильмі осы аттас ертегінің негізінде экранға шығарылды (1844). КСРО түсірілген ең танымал анимациялық ленталардың бірі.