Соқпақбаев Бердібек Ыдырысұлы

(15 қазан 1924 – 24 шілде 1991)

қазақстандық балалар жазушысы, балалар туралы көптеген шығармалардың авторы, ақын, сценарийші.

Бердібек өте кедей отбасында өсті. «Балалық шаққа саяхат (1960 ж.) әңгімесінде өзінің балалық шағын өте көркем сипаттаған.

Бала көп нәрсені: ауыр еңбек пен аштықты басынан кешірді. Дегенмен, ол бәрін білуге өте құмар және қабілетті бала болып ержетті.

Мектептен кейін Б.Соқпақбаев әскери қызметін өтеді. Кейін Алматыда Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқыды, оны бітіргеннен кейін бірнеше жыл ауыл мектебінде мұғалім болды.

«Қазақфильм» киностудиясында редактор, «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Балдырған» журналының редакциясында жұмыс істеді.

Бердібек Соқпақбаев жазушылық қызметін «Бұлақ» өлеңдер жинағынан бастады. Ол 1950 жылы жарыққа шығып, бірден өз оқырмандарын тапты. Жазушының келесі кітаптары «Чемпион» повесі 1951 жылы жарыққа шықты, «Алыстағы ауылда» (повесть, 1953), «Менің атым Қожа» (1957 ж.), «Балалық шаққа саяхат» (1960 ж.), «Өлгендер қайтып келмейді? «Қайдасың, Гаухар?» (повесть, 1966).

«Менің атым Қожа» повесі Бердібек Соқпақбаевқа үлкен атақ әкелді. Ол «Детская литература» баспасынан жарық көрді, содан кейін орыс тілінен көптеген тілдерге аударылып, шетелде: Франция, Польша, Чехословакия, Болгарияда жарияланды. Повесть әлемнің 68 тіліне аударылған.

Б.Соқпақбаев бірнеше пьесалар мен киносценарийлердің авторы. Оның сценарийі бойынша 1967 жылы қойылған «Менің атым Қожа» көркем фильмі Канн халықаралық кинофестивалінде сыйлыққа ие болды.

Бердібек Соқпақбаевтың Абай атындағыбалалар кітапханасы қорындағы шығармалары: