«Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы»

«Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы» атты  кітап көрмесін оқырмандар үшін ұсынды.

Еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылған.

Көрмеде ұсынылған кітаптар мен мерзімді басылымдардағы ақпарат Қазақстан Республикасының 30 жылдық тарихында болған жеңістер мен жетістіктері арналған.

Н. Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында мемлекетіміздің негізі қаланған күннен бергі атаулы әрі айтулы оқиғалары топтастырылған.

Қазақстанның 70 тарихи орны бұл жинаққа еліміздің тарихи және географиялық ең байырғы атаулары енгізілді.

Б. Төлепбергеновтің «Рух пен Ар» атты бұл еңбекте кешегі – 1986 жылы тұнғыш ел Тәуелсіздігі үшін жан пидалыққа барған Желтоқсан қайраткерлерінің ерлік пен азапқа толы жолы хронологиялық ізбен толыққанды баяндалған.

Құрметті оқырмаңдар!

Барлықтарыңызды кітап көрмесімен танысуға шақырамыз!

Comments are closed.