Тарих толқынындағы тағдыр

Тарих толқынындағы тағдыр

1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды, ал ҚР үкіметіне жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған іс-шаралар әзірлеп өткізу тапсырылған. Осының бір айғағы ретінде біздің кітапханада «Тарих толқынындағы тағдыр» атты тарих сағатын өтті.

Қазіргі тәуелсіз уақытта өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай армандап, өткен асыл ағаларымызыд еске алу, ұмытпау, – әрбір ұрпақтың парызы. Бұл іс-шараға Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары Ю.В. Бадина, А.Б.Алимбаева сондай-ақ, «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілері, «Бәйтерек» шипажайында ем алушы балалар және Қарағанды қаласының медициналық колледжі студенттері қатысты.

Кеш барысында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың шеккен зардабы жайында және де сол жылдары пайда болған «ҚарЛАГ» пен «АЛЖИР» лагерьлері туралы баяндалып бейне-ролик көрсетілді. Сондай-ақ егемендікпен бірге елімен қайта қауышқан мемлекет және қоғам қайраткері Шәбден Ералиевтің өмірімен балалар танысты.

Аталмыш іс-шара соңында «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Comments are closed.