«Татар-башқұрт мәдениеті мен әдебиеті күні»

«Татар-башқұрт мәдениеті мен әдебиеті күні»

Қарағанды және Қарағанды облыстарының этномәдени орталықтарының күндері жалғасып, кітапханада 20 ақпанда «Татар-башқұрт мәдениеті мен әдебиеті күні» танымдық бағдарламасы өткізілді.

«Қарағанды облыстық «Ихлас» татар-башқұрт қоғамдық орталығы» ҚБ төрағасы А. Б. Керейбаев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Қарағанды облыстық «Ихлас» татар-башқұрт қоғамдық орталығы» ҚБ мүшесі Утимишева Ғалия, № 63 ЖОББМ 3 сынып және № 48 ЖОББМ 6 сынып оқушылары мен педагогтары өткізілген іс-шараның қонақтары болды.

Ануар Бекмухаметович өткізілген іс-шараға қатысқандарға татар және башқұрт халықтарының бірегей мәдениетін, салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын таныстырды. Ол Татарстанда 15 ақпанда туған күні атап өтілетін, Татарстанның ұлттық батыры Мұса Жалилге қатысушылардың басты назарды аударды.

Ән фольклорының төлтумалық ерекшелігі «Килче, килче яныма» және «Кил яныма» әндерінде бейнеленген, оларды этномәдени орталығы ансамблінің солисі, әдемі сопрано дауысымен «Ихласта» 10 жыл ән айтып келе жатқан, талантты да сүйкімді Ғалия Утимишева орындады.

Оқушыларға слайдтық таныстырылым, «Сабантойды» мерекелеу туралы бейнероликтер, татар және башқұрт халықтарының билері көрсетілді.

Балалар зор қызығушылықпен және ынта-жігермен «Тимербай», «Ұшты – Ұшты» және «Тюбетейка» халық ойындарына қатысты.

Кітапхана қорындағы татар және башқұрт авторларының балаларға арналған шығармаларының кеңінен ашылған «Достық көкжиектері» кітап көрмесі, сонымен қатар естелік фотосурет танымдық бағдарламаны жағымды әуезде аяқтады.

Comments are closed.