Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы

Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы

Біздің әрқайсысымыз терроризмнің және экстремизмнің құрбаны болуымыз мүмкін. Қазіргі уақытта терроризмге қарсы іс-қимыл ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі міндеттерінің бірі болып отыр.

Терроризм мен экстремизмге қарсы ақпараттық іс-қимыл жұмыстарын жүргізу мақсатында Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы «Е.А.Бөкетов атындағы» №52 ЖОББМ» КММ 8 сынып оқушылары үшін 2019 жылғы 13 ақпанда «Діни экстремизм және терроризм» ақпараттық сағатын өткізді.

Іс-шараға қатысатындарға жаһандық проблема ретінде «терроризм» мен «экстремизм» ұғымдарын, террористік актілер мен күдікті объектілерді анықтаған кездегі тәртіп ережелерін және т.б. түсіндіру үшін Қарағанды облысының дін істері басқармасының маманы Далабаева Гүлнар Бакенқызы шақырылды.

Балаларға әлеуметтік желілердегі алдап-арбау тәсілдері, теракт туралы қоңырау шалу салдарлары туралы түсіндіріліп, «Терроризм туралы сен не білесің? Что ты знаешь о терроризме?», «Жалған террор. Лжетеррор», «Аманат. Заложник» әлеуметтік роликтері көрсетілді.

Оқырмандар «Әр адам бұл туралы білуі тиіс. Об этом должен знать каждый» жадынамаларын алды, онда теракт қаупі кезіндегі іс-әрекет, жедел әрекет ету үшін телефон нөмірлері, жарылғыш құрылғы анықталған кезде не істеу және бұл жағдайда қандай әрекет жасау қажеттігі туралы ақпарат қамтылған.

Comments are closed.