«Туған өлке – тұнған тарих» өлкетану көрмесі

«Туған өлке – тұнған тарих» өлкетану көрмесі

Қымбатты достар!
Сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы жазушылардың мерейтойларымен таныстыратын «Туған өлке – тұнған тарих» атты өлкетану көрмесін ұсынамыз.
Биылғы жылы біздің ұлы ойшылымыз, әйгілі ақын һәм өз заманының дана да дара биі және Абылай ханның бас көмекшісі Бұқар Жыраудың туғанына 355 жыл толады.
Бұқар жыраудың – ұлттың рухани құндылығын көрсететін ұғымы халық жанына әсер етті. Абылай дәуірінде серігі болған батырлар Бұқарды ұлы адам және идеялық шабыткер ретінде құрметтеді. Көрмеге оның шығармалары жазылған басылымдар, энциклопедиялар, сондай-ақ Бұқар жыраудың кітапхана қорындағы ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығын кең көлемде дәріптейтін кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.
Тағы да бір мерейтой күні – Қарағанды қаласының құрметті азаматы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Өнер академиясының академигі Анатолий Билыктың 95 жылдығы. Анатолий Петрович монументалды өнерге көп уақыт пен көңіл бөлді.
Ол Қазақстанның көптеген қалаларында жиырмадан астам ескерткіштер жасады. Суретші Қарағанды үшін ең маңызды туындыларын жасады. «Художники Караганды» фотоальбомы, «Жизнь в искусстве» мүсіншінің шығармашылық-өмірбаяндық альбомы, «Мир глазами художника» өнертанушы Н.Иванинаның альбомы сияқты кітаптардан сіз оның өмірі мен шығармалары туралы біле аласыз.
Қазақстандық актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, драматург Кеңес Нарымбайұлы Жұмабековтің туғанына 75 жыл толады. Кеңес Нарымбайұлы Жұмабеков театр үйірмелерінде өте танымал, ол ұзақ уақыт С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ академиялық драма театрының директоры және әртісі болған. Көрмеге оның Мәдениет және театр өнері саласының адамдары туралы «Елеулі есімдер» сериясындағы кітаптары ұсынылды.
Әрине, аталған даталармен осы жылға арналған әдеби күнтізбенің байлығы сарқылмайды. Көрме жыл соңына дейін жұмыс істейтін болады, сондықтан жаңа басылымдардың түсуіне қарай жаңартылады. Барлық ниет білдірушілерді кітапханаға шақырамыз!

Comments are closed.