Туған жерге тамырын терең жіберген дала жыршысы

Туған жерге тамырын терең жіберген дала жыршысы

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 2019 жылдың ақпан айының 27 күні драматург, публицист, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері жазушы Сәкен Жүнісовтің туғанына 85 жыл толуына орай Ғ.Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп, «Туған жерге тамырын терең жіберген дала жыршысы» атты телекөпір өткізіледі.

Сәкен Жүнісов бірыңғай жазушылықпен айналысқан. Жарты ғасырға таяу шығармашылық өмірінде қазақ әдебиетін өркендетуге өлшеусіз үлес қосты. «Ақан сері» дилогиясы, «Жапандағы жалғыз үй», «Заманай мен Аманай» романдары қалың оқырман қауымнан да, әдеби сыннан да жоғары баға алды. «Ажар мен ажал», «Тұтқындар», «Қызым, саған айтам», «Жаралы гүлдер», «Қос анар» тағы басқа пьесалары Республика театрларында қойылды. «Өліара» пьесасына 1986 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Шараға №6 ЖББОМ 7 сынып оқушылары мен «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.
Аталмыш іс-шарада «Тамырын терең жіберген дала жыршысы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Балалар жазушының өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталып өтіп, викториналық сұрақтарға жауап берді.

Comments are closed.