Шукшин Василий (1929 – 1974) кеңестік кинорежиссер, актер, сценарист және жазушы. РСФСР еңбек сіңірген әртісі. Василий Шукшин 1929 жылы 25 шілдеде Алтай өлкесінің Бийск ауданы Сростки селосында шаруа отбасында дүниеге келді. 1943 жылы Шукшин Сростки селосында жеті жылдық мектепті бітіріп, Бийск автомобиль техникумына түсті. 1949 жылы Шукшин Әскери-теңіз флотында әскери міндетін өтеуге шақырылды. Шукшиннің әдеби шығармашылығы әскерде басталды, сонда ол өзінің әңгімелерін жазуға тырысты және оларды қызметтес әріптестеріне оқыды. 1958 жылы оның «Двое на телеге» алғашқы әңгімесі «Смена» журналында жарық көрді. 1956 жылы Шукшиннің кинодағы алғашқы дебюті болды, Сергей Герасимовтың «Тихий Дон» (екінші серия) кинофильмінде ол ағаш шарбақтың артынан сығалап тұрған матросты бейнелеп, шағын эпизодта ойнады. Осы матростан актер Шукшиннің кинематографиялық тағдыры басталды. 1958 жылы ВГИК-те оқыған кезінде Шукшин М.Хуциевтің «Два Федора». фильмінде өзінің бірінші басты рөлінде түсті. «Из Лебяжьего сообщают» диссертациялық жұмысында Шукшин сценарийші, режиссер және басты рөлді орындаушы актер болды. Актерлік мансабы сәтті болып, Шукшинге жетекші режиссерлердан ұсыныстар көп түседі. Василий Шукшин «Золотой эшелон», «Простая история», «Когда деревья были большими», «Печки – лавочки», «Они сражались за Родину» және т.б. кинофильмдерде түсті. Шукшиннің кітаптары мен фильмдерінің кейіпкерлері – ерекше мінездері бар, байқағыш және өткір тілді кеңес деревнясындағы орыс халқы. Шукшиннің шығармаларында орыс деревнясының жинақы және сыйымды сипаттамасы берілген, оның шығармашылығы тілді және тұрмыс тіршілігін терең білетіндігімен сипатталады, оларда көбінесе шексіз адамгершілік проблемалары, орыс ұлттық және жалпы адами құндылықтары («Охота жить», «Космос, нервная система и шмат сала» әңгімелері) басты мәселе болып табылады. Василий Шукшин «Живет такой парень», «Калина красная», «Я пришел вам дать волю», «Сельские жители», «До третьих петухов», «А поутру они проснулись», «Энергичные люди» сияқты және басқа әңгімелердің, романдардың, сценарийлердің авторы болып табылады. Василий Шукшиннің Абай атындағы балалар кітапханасы қорындағы шығармалары: