«Вечное наследие Абая» атты тікелей эфир (Ақтөбе қ .)

«Вечное наследие Абая» атты тікелей эфир (Ақтөбе қ .)

Биыл тамыз айның 10-шы жұлдызында алғаш рет Абай күні аталып өтті.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы жыл сайын осы күнге дейін қазақ ақыны, аудармашы, данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірімен  шығармашылығына арналған түрлі танымдық іс-шаралар өткізіп келеді.

2020 жылы қазақ халқының Ұлы ағартушысы – Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуы ауқымды көлемде аталып өтілуде.

Абай шығармашылығының мәдени маңызы баға жетпес.  Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 1954 жылдан бастап қазақ әдебиетінің негізін салушы ұлы ағартушының есімімен аталып келеді.

Абайдың шығармашылығы туралы құнды материалдарды жинайды және сақтайды.

Жыл басынан кітапхана оқырмандары мен әлеуметтік желілердегі жазылушылар үшін кітапхана  ақынның раритет басылымдар таныстырып, абайтанушылармен кездесулер ұйымдастырды, балаларды «Абай поэзиясы» әдеби нон-стопына қатысуға тартты.

Қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай 12 тамызда сағат 12.00-де https://www.instagram.com/odb_abai Ақтөбе қалалық орталықтандырылған  кітапхана жүйесінің қатысуымен тікелей эфир өтті.

Кітапханашылар өз кітапханалары туралы ақпаратпен бөлісіп, Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арнап өткізілген іс-шаралар туралы айтып, кітапхана қорындағы раритет кітаптарды оқырмандар назарына ұсынды.

odbconsole

Comments are closed.