«Қарағандыдағы библиодайвинг» балалар кітапханаларының облыстық фестивалі

«Қарағандыдағы библиодайвинг» балалар кітапханаларының облыстық фестивалі

Бүгін Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Ғылым және технология әлеміне кітап саяхаты» ұранымен «Қарағандыдағы библиодайвинг» атты облыстық фестивалі өтті. Іс-шара балалар әдебиеті жылы аясында өткізілді.
ZOOM алаңында сағ.11.00-де фестивальдің салтанатты ашылуы болып, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының бейнеқұттықтауы және Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы, Шахтинск, Ұлытау ОКЖ басшыларының құттықтау сөздерімен басталды.
Фестивальді өткізуге облыстың қалалары мен аудандарының 31 балалар кітапханасы, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының 2 балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, Сәтбаев, Саран қалаларының отбасылық оқу кітапханалары және мектеп оқушылары, балалар және ата-аналар, педагогтар жұмылдырылды.
Мерекелік бағдарламада лекторийлер, шығармашылық, танымдық және ойын алаңдары, кітапханалық бос уақытты өткізу аймақтары болды.
Балалар «Еркін микрофон» алаңында қазақ ақын-жазушыларын өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқыды. Сондай-ақ кітапхана тарапынан лотерея ойнатылып барлық қатысушыларға шағын сыйлықтар мен А. Құнанбаевтың «Қара сөзі» кітабы таратылды.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
Comments are closed.