Ынтымақтастыққа қадам

Ынтымақтастыққа қадам

22 ақпанда Абай атындағы кітапхана Қарағанды қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен №62 ЖОББМ базасында өткізілген білім беру мекемелері басшыларының кеңейтілген мәжілісі аясында қала мектептері мен мектепке дейінгі мекеме директорларының алдында «Қарағанды қаласының мектептері мен Абай кітапханасы арасындағы ынтымақтастық» жобасының таныстырылымын өткізді.

Баяндаманың басты міндеті – педагогтар мен кітапханашылар арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегі туралы мәселе.

Кітапханашылар мен педагогтар бірлесе тұрақты азаматтық ұстанымы бар сауатты, дамыған, оқитын тұлғаны қалыптастырады.

Кітапхана басшысы Б.Уатаева кітапхананың мүмкіндіктері туралы әңгімелеп, ынтымақтастықты дамыту жөніндегі өзінің ұсыныстарын енгізді, кітапхана қызметкерлері мектеп басшылары арасында «Сіз ынтымақтастыққа дайынсыз ба?» сауалнамасын өткізді.

Баяндама барысында кітапхана қызметінің негізгі бағыттары, 2018 жылы мектеп оқушыларына арналып жоспарланған іс-шаралар айтылды, «Ынтымақтастыққа қадам» слайд-таныстырылымы көрсетілді, соңғы жылдары Абай кітапханасымен белсенді ынтымақтастық орнатқан мектеп директорларына Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының алғыс хаттары табысталды.

№62 ЖОББМ акт залының алдында «Мұғалімге көмек» таныстырылым кітап көрмесінің орналастырырылды, онда қосымша білім берудің үздік заманауи басылымдары ұсынылды.

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы басылымдар және Қазақстанның киелі жерлері, қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы кітаптар қойылған көрменің жеке бөлімі Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға арналды.

«Заманауи оқушы нені оқиды? Что читает современный школьник?» айдарымен қойылған балалар кітаптары педагогтардың қызығушылығын тудырды. Щербаның «Часодеи», Е.Гаглоевтің «Зерцалия», Д.Емецтің «Мефодий Буслаев», Й.Колфердің «Артемис Фаул» және т.б. кітаптарын оқырмандар зор сұраныспен пайдаланады.

Кітапхана таратпа материал ретінде әр басшыға кітапхананың нұсқаулық кітапшасын, жарнамалық парақшалар мен визиткалар ұсынды.

Кітапхана мен мектептер белсенді сындарлы ынтымақтастықты, бірлескен жұмыс және өзара қарым-қатынасты жалғастырады.

Comments are closed.