Қызықты фактілер күні. Көрінбейтін сия

Қызықты фактілер күні. Көрінбейтін сия

Құпия жазу біздің оқырмандарға таныс. Қызықты фактілер күні (31 шілде) балалар өздері қағазда көрінетін кейбір сұйықтықтардың қасиеттері туралы айтып берді.

Кітапханашы кішкентай зерттеушілерге сүттің немесе лимон шырынының құрамында болатын кейбір заттардың жылу әсерінен қағаз жанғаннан да тезірек бұзылатынын түсіндірді. Бұл химиялық процесте жанатын өнімдер бөлінеді. Осы ақпаратты пайдалана отырып, жасырын хабарламалар жазу үшін көрінбейтін сияны жасауға болады.

Ежелгі уақыттан жасырын, яғни симпатикалық хат алмасуға арналған сиялар пайдаланылды: Иван Грозныйның құпия агенттері өздерінің хат-хабарларын пияз шырынымен жазған, әріптер қағаз қыздырылған кезде көрінеді; Ленин құпия жазу үшін лимон шырынын немесе сүтті пайдаланған.

Балалар эксперименттерді қызығушылықпен бақылап, су, сода және қантпен жаcалатын тәжірибе туралы бейнероликтерді әуестене тамашалады.

Comments are closed.