Қызықты ғылым

Қызықты ғылым

26 маусымда кітапханада «Қызықты ғылым» танымдық күні аясында «Смайлики» атты мектеп жанындағы лагер және №11 негізгі орта мектептің оқушыларының қатысуымен шеберлік сыныбы өткізілді.

Мақсаты: балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру.

Іс-шара барысында оқушылар суды пайдалана отырып, әр түрлі тәжірибелер жасады. Кітапханашы көрсетілген тәжірибені отбасымен және достарымен үйде қайталап жасауға кеңес берді.

Comments are closed.