«Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасының аясында астрономия бойынша «Телескоп»

«Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасының аясында астрономия бойынша «Телескоп»

Наурыз айының 4-і күні Н. Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сынып оқушылары үшін «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасының аясында астрономия бойынша «Телескоп» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

Танымдық сабақты өткізуге Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика-техникалық факультетінің 3-курс студенттері Асылзат Балтағазы, Ұлдана Жүрсін, Айым Рамбекова, Айым Шохан, Әсел Үзбаева көмек көрсетті.

Балалар жұлдызды аспан, жұлдыздар және астрономиялық аспаптың – телескоптың құрылу тарихы туралы әңгімені қызығушылықпен тыңдады. Еріктілер танымдық сабаққа қатысушыларға астрономия мен телескоптар әлемдегі адамзат орнын және біздің әлемнің құрылымын жақсы түсінуге көмектесетінін түсіндірді.

Comments are closed.