Қызықты ғылым

Қызықты ғылым

15 наурызда «Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында «Ньютондық емес сұйықтық»шеберлік сыныбы өткізілді. Басында балалар бұл не термин екені, қандай ғалымның құрметіне аталғаны, сұйықтықтың қандай түрлері болатыны туралы білді. Ньютондық емес сұйықтықты қалай дайындауға болады, оның қандай таңғажайып қасиеттері бар, осының бәрін балалар сабақта тәжірибе жүзінде көрді.

Жүргізілген тәжірибе қарапайым және қауіпсіз болды, балалардың бақылау, салыстыру, қорытындылау, тұжырым жасау дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, химия бойынша алғашқы білім берілді.

Танымдық сабақтың қорытындысында 2019 жылғы мерейтойлық ғалымдар туралы «Әлемдік ғылымның корифейлері» таныстырылымы өткізілді.

Comments are closed.