Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы

Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы

26 сәуірде кітапхана базасында Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Шымкент, Қостанай, Астана және Қарағанды қалаларының облыстық филиалы төрағаларының қатысуымен ҚР мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіби одағының атқарушы комитетінің отырысы өтті.

Қонақтарды кітапхана тарихымен таныстырып, кітапхана залдарына экскурсия жасалды.

Қарағанды облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясында кітапхана басшысы Б.Уатаева бірлескен ынтымақтастық туралы баяндама жасады, осы жерде мәдениет, спорт және туризм қызметкерлерінің өзекті мәселелерін шешуде кәсіподақтар қызметінің туралы мәселелер көтерілді.

2018 жылғы үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы ретінде біздің кітапхана ұжымына Құрмет грамотасы тапсырылды.

Кітапхана ұжымын лайықты жетістігімен құттықтаймыз!

Comments are closed.