Үздіктердің үздігі

Үздіктердің үздігі

16 наурызда Абай атындағы балалар кітапханасында «Оқырман күні» мерекелік – марапаттау бағдарламасы – Балалар кітабы апталығының салтанатты жабылуы өткізілді.

9 номинация бойынша ең үздік және белсенді оқырмандар салтанатты түрде естелік дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Олар келесі номинациялар бойынша атап өтілді: «Ең бірінші оқырман» – Арман Темірғалиев, «Ең кішкентай оқырман» – Давид Лемко (10 ай), «Любитель фэнтези» – Илья Куликов, Артем Куценко; «Мәңгілік классика» – Виктор Костин, «Ең белсенді оқырман» – Елизавета Бондарь, «Жас детектив» – Людмила Ионайтене, «Кітапхана досы» – Шұғыла Сайлау, Полина Савенкова, Адия Кадирова, «Ең адал оқырман» – Аян Жукеев, «Оқырман отбасы» – көпбалалы Вайстар отбасы.

Әр номинация жас оқырмандар үшін есте қаларлық және салтанатты жағдайда тапсырылды. Өйткені оларды шақырылған қонақтар табыс етті. «Жас детектив» номинациясын ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы А.Давлетбаев табыс етті, оның өз кезегінде Людмилаға сүйікті жанрындағы кітапты сыйлағаны ерекше мағына берді.

Біздің тұрақты қонағымыз, журналист Айқын Несіпбай «Ең белсенді оқырман» номинациясын 260-тан астам кітапты оқыған Елизавета Бондарьге табыстады.
«Кітапхана досы» номинациясын «Книга для Вас» кітап дүкенінің аға менеджері Л.Вологина тапсырды, бұл оның кітапхананың бұрыннан келе жатқан серіктесі болып табылатынын білдіреді.

«Жұлдыз» би ансамблі, жас әнші Дархан Қасымбек, «Буратино» балалар қуыршақ театры әртістерінің «Курочка Ряба» театрландырылған экспромт-қойылымы іс-шараға қатысқандарға қуанышты көңіл-күй сыйлады.

Comments are closed.