Жәдігер

Жәдігер

2018 жылғы 28 ақпан сағ.13.00-де «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы қала мектептерінің орта және жоғары сынып оқушыларына арналған «Жәдігер» өлкетану-зерттеу клубының ашылуын өткізді.

Клубтың міндеті – оқырман балалардың қызығушылығын дамыту, оларды таным процесіне тарту.

Жас қарағандылықтарды өзінің қаласына, оның тарихы мен мәденитіне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш пен адалдық сезімін білдіретін патриоттыққа тәрбиелеу; маңызды тарихи оқиғаларды еске салатын көрнекті орындармен танысу; өзінің өлкесіне деген мақтаныш сезімін тудыру; жерлестері мен салт-дәстүрлерді құрметтеу клуб жұмысының басымды бағыттары болып табылады.

Іс-шара барысында балаларға Қарағанды облысының тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Д.Жусупов жүргізген «Ежелгі Сарыарқа» медиа-таныстырылымымен ретро-саяхатжасау, сонымен бірге қарағандылық жерлес, кеншілер әулетінің өкілі Гудзбен кездесу ұсынылды.

Дәурен Орталық Қазақстан аумағындағы неолит дәуірінде ашылғандар, темір мен қола дәуірі, Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы, қала аумағындағы ежелгі адамның тұрағы туралы, Талды өзені маңынан табылған Сарыарқаның қола пирамидасы және тағы басқалары туралы әңгімелеп берді. Әңгімелеу барысында көрмеде қойылған музей қорындағы ежелгі артефактар пайдаланылды.

Қарағанды және оның тарихы кенші мамандығымен тығыз байланысты, оны «Кеншілер астанасы» деп бекер атамайды.

Казимир Михайлович Гудз жұбайымен екеуі 40 жылдан астам шахтада жұмыс істеген әулеттің басшысы, бүгінгі күні оның балалары мен жақын туыстары кеншілер ісін жалғастыруда, Гудздар әулетінің жалпы еңбек өтілі – 200 жыл, бұл тек «Костенко» шахтасында бүгінгі күнге дейін жұмыс істегендері мен істеп жатқандарыныкі.

К.М.Гудз жас кезінде, атап айтқанда 26 жасында мінсіз қызмет атқарғаны және көп жылғы еңбегі үшін көмір өнеркәсібінің қызметкерлері марапатталатын өзінің алғашқы «Шахтер даңқы» белгісін алады, бірақ бұл белгі оның еңбек өміріндегі соңғы марапат емес. Ол он алты жасында көптеген мамандықтар арасынан кенші кәсібін таңдаған қызықты тағдырдың адамы, шахтер мамандығы әртүрлі жылдардағы тау-кен өнеркәсібі ардагерлерімен кездескені туралы, мамандық таңдауына әсер ететін себептер туралы және тағы басқалар туралы айтып берді.

Туған өлкенің тарихы, қаланың және облыстың тарихына үлес қосқан адамдардың тарихы егеменді Қазақстан тарихының бір бөлігі болып табылады, оны әрбір адамның білгені маңызды.

Іс-шараның қатысқан алты бала «Жәдігер» өлкетану-зерттеу клубының мүшесі болуға ниет білдірді.

Кітапхана музей қорынан тақырыпқа сәйкес атрибуттика мен артефактарды ұсынғаны үшін Қарағанды облысының облыстық тарихи-өлкетану музейіне алғысын білдіреді.

Comments are closed.