ЖАҢА КІТАПТАР!

Баянбай, Қастек. 100 жаңылтпаш-өлең [Мәтін] /Б.Қастек; сур. М.Елизарова.- Алматы: Аруна, 2017.- 56б.: сур.

Жаңылтпаштың  баланың ойлау қабілетін дамытуда, тілін ширатуда, дүниетанымын дамытуда маңызы зор. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ойы, қиялы дамиды, тәлім-тәрбие алады.

 

Жакуп, Оразхан. Еркетай [Мәтін]: комикс/ О.Жакуп.- Алматы: KHAN COMICS, 2018.- 80б.: сур.

Комиксте ақылды әрі батыл балалар - Еркетай мен Жәнібектің басынан өткен қызықты оқиғалар баяндалған. Екі дос Аспан батырының сиқырлы қылышын тауып алады. Сынған қылышты қалпына келтіру үшін сапарға шыққан Еркетай мен Жәнібектің   басынан түрлі шытырман өқиғалар өтеді.

Дональдсон, Джулия. Ақын қоян[Мәтін]: хикая /Д.Дональдсон. -  Алматы: STEPPE AND WORLD, 2018. - 30б.: сур.

Хикаяның басты кейіпкері ұйқасшыл қоян небір қызық өлең жазады. Ұялас қояндар поэзияға қызықпаған соң, ол талантын басқаларға танытпақ болады. Осылайша жерасты саяхаты басталады.

 Кинни, Жефф. Тентек Балақайдың күнделігі [Мәтін]/ Ж. Кинни – Алматы.: STEPPE AND WORLD, 2020. – 217 б.

Грег орта мектептегі басынан өткен оқиғаларды күнделігіне жазып отырады. Ол  жерде Раули екеуі шыбықтай болып алып, сақал-мұрттары өсіп кеткен дөкейлердің арасында аман қалуға тырысады. Бірақ Раули танымал бола бастағанда Грег екеуінің достығын сақтап қалу үшін жанкешті амалдарға жүгіне бастамақ.

Момышұлы, Бақытжан. Қара Жұлдыз [Мәтін]: роман-ертегі/ Б. Момышұлы.  Ю. Серебрянский; сур. А. Сас. – Алматы.: Книжный клуб, 2019. – 136 б.: сур.

Бұл романның басты кейіпкері – Қара Жұлдыз есімді ханзада. Қара Жұлдыз ханзада есею шағына жетер, қасына өзін тәрбиелеген сүт-анасы-қаншық қасқыр мен қорғанышы, тәлімгері ақжал бөріні ертіп, әке шаңырағын кетіп,  жолға шығады.

Ұзақ жолдан жүріп өткен ханзада өзінің қаншалықты өзгергенің, мақсатқа жету жолының қаншалықты ауырлығын, әр кездескен әлем оны өзіне жақын тартатынын да, алыстатынын да ұғынады.

Булгаков, Михаил. Ит жүрегі[Мәтін] /М. Булгаков; ауд. К. Ахметов.- Нұр-Сұлтан: Muqaba, 2020.- 124б.  – (Qasym kitahanasy).

Қазақшаға аударылып, тұңғыш рет «Muqaba» баспасынан жарық көріп отырған М. Булгаковтың танымал шығармасы көпшілік оқырманға арналады.

 

 

Лондон, Джек. Теңіз қорқауы [Мәтін]/ Дж. Лондон; ауд. Д. Әшімханұлы. – Нұр-Сұлтан: Muqaba, 2020.- 428б. – (Qasym kitahanasy).

Қаламгерлер ішінде өмірлік тәжірибесінің көптігімен ерекшеленетін америкалық жазушы Джек Лондонның «Теңіз қорқауы» романы әлемнің көптеген тіліне аударылып, бірнеше рет экрандалған. «Muqaba» баспасында қазақ тілінде жарық көріп отырған шығарма көпшілік оқырманға арналады.

 

Нұршайықов, Әзілхан. Махаббат, қызық мол жылдар [Мәтін]: роман /Ә. Нұршайықов. -  Нұр-Сұлтан: Muqaba, 2020.- 414 б. – (Qasym kitahanasy).

«Махаббат, қызық мол жылдар» романы жарияланған кезінен бастап кітап сөрелерінен түспей келеді. Жоғары сынып оқушылары үшін бұл роман жақсы мен жаманның, адалдық пен арамдықтың ара жігін ажыратып беретін, үлкен өмірге дайындайтын хрестоматия іспетті.

 

Омарұлы, Қаржаубай. Әке [Мәтін]: повесть /Қ. Омарұлы. -  Нұр-Сұлтан: Muqaba, 2020.- 252 б. – (Qasym kitahanasy).

«Әке» повесі қайта құру кезінде жазылып, жарық көруі мен таралуы тоқсаныншы жылдарға сәйкес келді. Сол жылдары бала болған  оқырмандар бұл шығарманы ерекше ықыласпен еске алады.

Жаңа заманның балалары үшін де қызықты кітапқа айналатыны сөзсіз.

 

Соқпақбаев, Бердібек. Ергежейлілер еліне саяхат [Мәтін]:хиқаят, әңгімелер /Б. Соқпақпаев -  Нұр-Сұлтан: Muqaba, 2020.- 96 б. – (Qasym kitahanasy).

«Ергежейлілер еліне саяхат» хиқаяты Б. Соқпақбаевтың соңғы шығармасы болып есептеледі. Сол кездегі саяси жағдайға байланысты шығарма жарық көрмей қалған. Жеке кітап болып   «Muqaba» баспасында бірінші рет жарық көріп отыр.